Павел Кричевский

223

қыркүйек физикасы

Орыс тілінен аударған Айнагүл Садықова

*

 

жарық — күздің нәзік шуағын аңсап семеді

аралар соңғы хризантемалардың

естеліктеріне айналды

 

естілмейтін иістердің жіптерімен желдің тәнін тоқиды

 

ауа терісі жұқарды —

енді үңіліп қарағанға

жаңбыр тамшыларында қар ұрығы жасырылған

 

 

*

 

сөздерден жабайы аңдар қашып кетті

құрыған орман иен

 

тек аңшы ғана індердің өңешінен 

жоғалған тілдің

ұйқыдағы аң-құсын іздеп таппақ болып әлек

 

 

*

 

демнің қайнардағы кескіні —

ойыншықтың әлі тірі адамның фарфор танауы

суға тақау тына қалды

 

мен бір кезде білгем

ойыншықтарда үнсіз түңіліс тұнған

олардың тәні ауырмайды олардың тәні сезбейді

                           олардың тәніне батпайды

 

тек қайнардағы дем жіптігі

олардың тірі екенін оның жалған екенін айтады

оны жарық жұтқан күзгі жапырақ біледі

 

және суға еңкейген адам

ойыншыққа айналардан жарты минут бұрын біледі

 

 

әкесі ұлын фотоға түсіруге үйретеді

 

фотографтың объективіне

нысанаға алынған құрбандай

суретке түсуге ыңғайланған аңшыны сыйдыр

 

көзбен қамтылғанды

ешкім тартып алмайды

 

аспан құрысып селкілдейді

желмен үйіріле ағып

тыншиды

 

денелер өмірді … деп сан-саққа жүгірте білгенінше бөлшектейді

 

жарық ешқашан жеңіл шалдырмас отты қуып жете алмайды

осы шақ тесіп өте шығады

өткен шақ — күйік

 

бүгін сен мұның салмақты іс екенін түсіндің

дейді әкесі

шүріппені ағытып

 

 

сезімдер спелеологиясы

 

құрғақ жанарлар үңгірлерінде

көмейде қалған сөздердің сталактиттері мен сталагмиттері

бір-біріне қарай жүреді

тамшылап

денелер

толық тұтасқанша

 

 

*

 

самғау

еңсеру құпиясын ашпайды

өзін

қанаттардың қағысына

оңынан тұрған желге балай

жегізіп

шалынған құрбандықты күзгі аспанның мөлдірі ғана оқиды

 

үйірлер —

көкжиектен ары ауған жолақтар

 

 

*

 

қараңғылық экскурсанттары —

біздер үйсіз жарықты паналататынбыз

оны жанарларымызға қоныстандыратынбыз

 

қайдан келгеніміз маңызды емес болып қалатын

 

таң әлемнің жүзін жаратып емес

еңсере атып келе жатты

әрбір көлеңке әйтеуір бір кезде

біздің толық қақылы түнімізге айналуға

уәде етіп тұрды

 

 

*

 

әскерде бірге болған жігіт

әскери оркестрде гитараларды құшырлана риза қылатын

сөйтіп құмардан шығатын

 

тығыршықтай ересегі ықыластырақ ризаланатын

бірақ ол лыпып тұрған гавайлық жасын қолай көретін

саусақтарының сезімталдығын жаттықтырып

көбелектердің қанаттарын жұлатын

аппақ терезе алдында

жанасымды жұмсартқан түрлі-түсті ноқаттар

 

аялай жанасып

ажал жаңа бостандық жайлы мәтін жазды

көбелектер оның жаратушысын байқамады

жақын болып қалған көкжиекті шабуылдап

тірідей жарыққа көмілді

 

оның серігі пианист

саусақ-травматтарымен дыбыстарды мертіктіріп

олардың тесік ауа арасынан құлағанын

ұрылып ағып түскенін бағатын

миыңдыс*н дейтін гитариске

жатық майлы дауыспен

оларды бірден мыжып таста ұшып кетеді ғой жексұрындар

жұл да мыжы

 

сәулелер

жарықтың арғы бетінен ұшып

жетіп жатты

онда құстар абайлап аспанға өрмелеп

жолай

әлі де естілер-естілмес музыка болып

тәндердің көрінбес жалғасы болып жетілген

дауыстарынан айрылады

 

 

қыркүйек физикасы

 

мұғалім оқушы қызға

ғаламдық тартылыс теориясын түсіндіреді

сөзімен

қиықтарынан ептей шалып

көзқарасын парақтайды

ішкі ынтызарын

әдейі оқытып

 

сынып терезелеріне

әуестік жеңген жапырақ сығалайды —

ағаштан үзіліп олпы-солпы ұшып келіп

сондағы көргені көздерге кескіні түсіп

дәл басқа тақап қалған алма

ол бас денеге ұшудың мүмкін еместігін айтып беруге

әлі қабілетсіз

 

 

*

 

күздің күні

туннельде

тыныштық пен дыбыс арасында

жел қалтырайды

 

жолдағы жапырақ —

өз-өзінің шегі

 

күз ажалдың терісін жұлып алды

 

 

*

 

кеш аспанда

айдың жартысын

көкжиек тұңғиығының үстінде

күннің жартысын тұтып қалды

 

мен көрші қыздың

иығы селкілдеп

көзі аққанын көрдім 

 

бірдеңе айтқым келді

бірақ ол алдымды орады:

атам өлгелі жатыр

оған ұзақ қарадым

сөзін ұғуға тырыстым

үндемедім

 

ол қыз он үште

мен алты жарымда едім

Павел Кричевский

Павел Кричевский — поэт, переводчик, педагог. Родился в 1961 году в г. Ромны (Украина). Окончил факультет иностранных языков Сумского государственного пединститута. Публиковался в журналах «Цирк “Олимп”+TV», «Флаги», «Дискурс», «Таволга», «Лиterraтура», «©оюз Писателей», «Дактиль», POETICA, «Всеализм», в альманахе «Артикуляция», в проекте «На языке тишины», антологии «Я-тишина», на порталах «Post(non)fiction», «Солонеба», «полутона» и др. Автор книг «Над плечами минут» (2021), «Периферийное зрение неба» (2023). Переводит с английского и украинского языков. Стихи переводились на украинский и казахский языки. Живёт в дер. Турово Московской области.

daktil_icon

daktilmailbox@gmail.com

fb_icontg_icon