Дактиль

Казахстанский литературный онлайн-журнал

Игорь Котюх

Игорь Котюх — 1978-жылғы мамырдың 22-нде Эстонияның Выру қаласында туған. Эстон поэзиясын орыс тіліне аудара жүріп, әдебиетке келді. 2000 — 2005 жж. Тарту университетінде эстон тілі мен әдебиетін оқып-зерттеді. 2004/2005 оқу жылында Таллин университетінде ауызша және жазбаша аударма курсын тыңдады. 2007-жылдан — Kite баспасының бас редакторы. 2010-жылы Таллин университетінің магистратурасына «әдебиеттану» мамандығы бойынша оқуға түсті. Мәдениет саласында баспагер, әдебиетші, колумнист, шаралар ұйымдастырушы ретінде жұмыс істейді. Санкт-Петербург Мемлекеттік университетінде және Тарту университетінде қазіргі эстон әдебиеті және Эстониядағыорыс әдебиеті бойынша дәріс оқыды.