Дактиль

Казахстанский литературный онлайн-журнал

Ирина Гумыркина

Ирина Гумыркина – ақын, журналист, қазақстандық «Дактиль» онлайн әдеби журналының бас редакторы және «Поэзия» бөлімінің редакторы. Алматылық ашық әдебиет мектебінде поэзия мен әдеби сын семинарларын (2017-2018, 2020-2021 жылдары), «СТиХИ» баспасының Мәскеу студиясының ұйымдастыруымен өткен поэзия семинарларын бітірген (2021). Шығармалары «Плавучий мост», «Звезда», «Дружба народов», «Юность», «Формаслов», «Крещатик», «Этажи» ресейлік әдеби журналдарында, қазақстандық «Простор», «Тамыр» журналдарында, Literra NOVA альманахында жарияланған. СЭИП қорының Қазақстанда өткен әдеби фестивальдерінің (2019 және 2021 жылдары), Almaty Writing Residency қатысушысы (2021). Екі өлеңдер кітабының авторы. Өлеңдері ағылшын және неміс тілдеріне аударылған.